АҚШ атысты тоқтату туралы келісімнің негізі ретінде Иран Ислам Республикасының 10 тармақты жоспарын қабылдады.
Трамп қабылдаған 10 тармақты жоспардың негізгі баптары мынадай:
- Иранға және онымен одақтас қарсыласу топтарына жасалатын кез келген агрессияны толық тоқтату;
- АҚШ-тың жауынгерлік күштерін аймақтан шығару, аймақтағы базалардан Иранға шабуыл жасауға тыйым салу және әскери құрылымдарды қабылдаудан бас тарту;
- Осы елдің (Иранның) белгіленген ережелері мен бақылауындағы «қауіпсіз өту хаттамасы» аясында екі апта бойы Ормұз бұғазы арқылы кемелердің күнделікті шектеулі өтуі;
- Барлық бастапқы, қайталама және БҰҰ санкцияларын жою;
- Инвестициялық және қаржы қорын құру арқылы Иранның шығындарын өтеу;
- Иранның ядролық қару жасамау туралы міндеттемесі;
- АҚШ-тың Иранның уран байыту құқығын мойындауы және байыту деңгейі туралы келіссөз жүргізу;
- Иранның өз мүдделеріне сай аймақ елдерімен екіжақты және көпжақты бейбітшілік келісімдері туралы келіссөздерге келісімі;
- Агрессия жасамау туралы талапты қарсыласу топтарына шабуыл жасаушылардың барлығына қолдану;
- Басқарма кеңесі мен Қауіпсіздік Кеңесінің барлық қарарын тоқтату және барлық міндеттемені БҰҰ-ның ресми қарарында бекіту.
Иран мұның алдында АҚШ-тың 15 тармақты жоспарын қабылдамай, кез келген атысты тоқтатуды өзінің ұсынған жоспарының қабылдануымен және Трамптың бұл жоспарға ресми келісімімен байланыстырды. Трамп Иранның 10 тармақты жоспарын ресми түрде қабылдады.














