Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи АҚШ-пен арадағы саяси дағдарыстың әскери шешімі жоқ санайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Х әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Арақчи: «Ормұз бұғазындағы оқиғалар саяси дағдарыстың әскери шешімі жоқ екенін анық көрсетіп отыр», -деді.
Сонымен қатар, Аббас Арақчи Пәкістанның араағайындығымен Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы келіссөздер процесінде ілгерілеушілік бар екенін айтып, Вашингтонды ұзаққа созылатын қақтығысқа бой алдырмауға шақырды.
Министр бұл ескертудің Біріккен Араб Әмірліктеріне де тікелей қатысы бар екенін баса айтып: «Пәкістанның делдалдық күш-жігерінің арқасында келіссөздер үдерісінде оң динамика байқалады. Америка Құрама Штаттары аймақтағы үшінші тараптардың арандатуымен ұзаққа созылатын қақтығысқа қайта бой алдырмауы керек. Мұндай ұстамдылық таныту Біріккен Араб Әмірліктері үшін де маңызды»,-деді.












