АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Иранға қарсы соғыс ашу туралы шешім қабылдауға асықпайтынын мәлімдеді.
Ақпарат көздері Трамптың қақтығыстан бас тартуының негізгі себебін жария етті.
АҚШ президенті Дональд Трамп сионист журналист Барак Равидке берген сұхбатында: «Менің Иранға қатысты шешім қабылдауға еш асықпаймын», – деді.
Дональд Трамп сөзін жалғастырып: «Жаңа жылдан кейін не болатынын көреміз», – деді.
Бұл мәлімдемелер бұған дейін Равидтің Axios веб-сайтында жариялаған мәліметінде АҚШ президентінің Иранға жасалуы мүмкін шабуылға қатысты басты алаңдаушылығын жазғаннан кейін жасалып отыр.
Ол дереккөздеріне сілтеме жасап, Ақ үйдің Пентагон мен АҚШ барлау агенттіктерінен америкалық әскер дайындаған шабуыл нұсқаларының әрқайсысына Иранның ықтимал реакциясы туралы бағалаулары мен талдауларын ұсынуды сұрағанын хабарлады.
Ақ үй тарапынан қойылған сұрақтардың бірі – “Парсы шығанағы елдерінің мұнай және газ нысандарына Иранның жойқын қарымта соққысын тудырмай іске асыруға болатын әскери іс-қимыл нұсқасы бар ма?” деген мәселе болды.
Иранның ресми тұлғалары АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы кез келген әскери авантюрасына қатысты ескерту жасады.
Армияның бас қолбасшысы, генерал-майор Әмір Хатами кеше дұшпанның қателік жасап, Иранға шабуыл жасау арқылы тығырыққа тіреліп, шарасыз күйге түскенін айтты.
Ол Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының жоғары лауазымды әскери қолбасшыларға берген бұйрықтарына сәйкес, егер дұшпан тағы да қандай да бір әрекетке баратын болса, олар мен оның жақтастарына еш күмәнсіз, ешқандай географиялық шектеусіз, бұдан да жойқын әрі қатаң жауап берілетінін ескертті.














