Иордания билігінің Иранға қарсы әскери әрекеттер кезінде Тель-Авивке жәрдемдескені жайлы жаңа ақпарат белгілі болды.
Әскери барлау қызметіндегі дереккөзінің мәліметіне сәйкес, Израил жойғыш ұшақтарының Иран аумағына бағыттаған соққыларының басым бөлігі Иордания аспаны арқылы жүзеге асқан.
Осы ақпарат көзі «Фарс» ақпарат агенттігінің әскери тілшісіне берген сұхбатында: «Израиль әскери-әуе күштерінің Ирандағы нысаналарды атқылау операциясы негізінен Иорданияның әуе кеңістігінде орындалды», — деп нақтылады.
Иранның батыс өңіріндегі радиолокациялық жүйелер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендерінің шұғыл түрде жаңартылуына байланысты, сионистік режим авиациясы Иранға тікелей жақындамай, қашықтан соққы беретін «әуе-беткей» санатындағы зымырандарды қолдануға мәжбүр болған.
Сонымен қатар, мәлімет берушінің айтуынша, Тегеран тарапынан жіберілген зымырандар мен камикадзе-дрондарды ауыздықтау шараларына Иордания қарулы күштерінің тікұшақтары да белсенді қатысып, Израил әскеріне үлкен көмек көрсеткен. Мұнымен қоса, Батыс Еуропаның бірқатар мемлекеті де Иордания аспанында тактикалық әрі барлау тұрғысынан қолдау танытып, Израилдің Иран соққыларынан қорғануына септігін тигізген.
Еске сала кетсек, Иран жексенбі және дүйсенбі күндері қарымта әрекетте Израилдің 7 бірдей стратегиялық әскери және экономикалық базасына қарсы жаппай зымыран-дрон шабуылын ұйымдастырды.Израилдегі қатаң ақпараттық цензураға қарамастан, әскери сарапшылар Иран снарядтарының нысанаға дәл тию деңгейін өте жоғары деп бағалап отыр.
Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының ресми өкілі Халидидің мәлімдеуінше, кеше таңертең, 8 маусым, дүйсенбі күні сионистік күштердің Иранға жасаған ретсіз шабуылдары салдарынан ел ішіндегі 12 нысанға зақым келген. Дегенмен, Израил соққыларынан қаза тапқандар немесе жарақат алғандар туралы әзірге ешқандай мәлімет тіркелген жоқ.














