Израиль режимінің шабуылдары салдарынан босқынға айналған мыңға жуық ливандық өз үйлеріне қайта бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Ливандағы соғыс салдарынан босқынға айналған тұрғындардың Израиль шабуылдары саябырсыған тұста туған жерлеріне орала бастағанын мәлімдеді.
Бұл есеп Ливан мен Израиль Римде АҚШ-тың қолдауымен соғысты аяқтауға бағытталған және бейсенбіге дейін созылатын келіссөздердің жаңа кезеңін өткізіп жатқан тұста жарияланды.
БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы (OCHA): «30 шілдедегі жағдай бойынша 821 мың 77 адам өздерінің бұрынғы тұрғылықты жерлеріне қайта бастады», — деп хабарлады. Сонымен қатар мекеме 360 мыңнан астам адамның әлі де босқын болып отырғанын, олардың шамамен 26 мыңы мемлекеттік баспаналарда орналасқанын айтты.
Израиль Ливанға жасаған ауыр әуе соғысы мен құрлықтағы шабуылдары салдарынан 4300-ден астам адамды қазаға ұшыратып, жүздеген мың тұрғынды босқынға айналдырды.
Айта кетейік, Римде өтіп жатқан келіссөздердің басты мақсаты — тараптарды атысты толық тоқтатуға, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1701 қарарын қайта жандандыруға және Оңтүстік Ливандағы әскери күштердің арасалмағын реттеуге көшіруге бағытталған.














