Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы Ахмед Әбіл Ғейт араб әлемінің Иранмен әскери қақтығысқа ешқашан мүдделі болмағанын мәлімдеді.
Әбіл Ғейттің айтуынша, Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың түп-тамыры Израиль режимінің әрекеттерінде жатыр.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыстағы жағдайға арналған отырысында сөйлеген Ахмед Әбіл Ғейт бірнеше маңызды мәлімдеме жасап: «Араб елдері ешқашан Иранмен соғысуға ұмтылған емес. Керісінше, олардың кейбірі бұл қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін белсенді күш салды», — деп баса айтты.
Ол аймақтың өте жоғары шиеленіс кезеңін бастан кешіріп жатқанын және осы жағдайдың салдары мен жойқын зардаптарының негізгі салмағы дәл араб әлеміне түсіп отырғанын айтты.
Әбіл Ғейт өңірдегі тұрақты бейбітшілікке кедергі келтіріп отырған басты тұрақсыздық факторын тікелей атап: «Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың негізгі себебі — сионистік режимнің Палестина мен басқа да араб территорияларын басып алуын жалғастыруы».
Ахмед Әбіл Ғейт — 2016 жылдан бері Араб Лигасының Бас хатшысы қызметін атқарып келе жатқан Мысыр дипломаты.














