Сенатор Алексей Пушков Иран АҚШ президенті Дональд Трамптың шарттарына келіспейді, себебі бұл Тегеранның толық берілгенін білдіреді деп есептейді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей Федерация Кеңесінің ақпараттық саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Алексей Пушков Telegram-арнасында жазды.
Пушков Трамптың егер Тегеран Вашингтонның шарттарын орындауға келіссе, “Эпикалық қаһар” операциясын аяқтайтынын айтқан сөзіне тоқталып: “Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желісінде Иранға тағы қоқан-лоққы көрсетті. Трамп “Бұл дауыл алдындағы тыныштық еді” деп жазып, егер Иран АҚШ-тың шарттарын қабылдамаса, америкалық шабуылдардың нағыз дауылына тап болатынын мәлімдеді. Алайда Иран бұл шарттарды қабылдамайды. Себебі, бұл Иранның толық тізе бүгуіне тең”, -деп жазды.
Сенатор Алексей Пушков қазіргі уақытта Америка мен Иранның ұстанымдары бір-біріне мүлдем қайшы екенін баса айтып: “Атап айтқанда, Тегеран өзінің Ормұз бұғазына қатысты егемендігін мойындауды талап етіп отыр. Иран АҚШ тарапынан ешқандай жеңілдіктердің болмауы келіссөздерді тығырыққа тірейтінін баса айтты», -деді.
Пушковтың айтуы бойынша, Иран төңірегіндегі қазіргі тыныштық уақытша құбылыс. Сарапшы: “Иран ұзаққа созылатын соғысты жүргізуге қауқарлы. Ал АҚШ үшін мұндай жағдайда уақытша бітім мерзімін ұзарту өз жеңілісін мойындаумен тең”, -деді.














