Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Америка Иранның Дена фрегатын халықаралық суларда батырғанына қатты өкінетінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи америкалық террористік армияның “Дена” фрегатының батырылуына білдірген реакцияда Америка Құрама Штаттары жасаған бұл прецедентке қатты өкінетінін мәлімдеді.
Арақчи бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында: “Америка тағы бір апат жасады. Бұл жолы теңізде және Иран жағалауынан 2000 миль қашықтықта.
Үндістан Әскери-теңіз күштерінің қонағы, шамамен 130 экипаж мүшесін тасымалдайтын “Дена” фрегаты халықаралық суларда ескертусіз нысанаға алынды.
Көресіздер! Америка Құрама Штаттары жасаған бұл прецедентке қатты өкінеді”, — деп қуаттады.
Хабарларға қарағанда, оқиға 4 наурызда болған. Иран Әскери-теңіз күштеріне тиесілі IRIS Dena фрегаты Бенгал шығанағындағы бірлескен жаттығулардан кейін еліне қайтып келе жатқанда АҚШ сүңгуір қайығының шабуылына ұшыраған. Торпедо соққысынан кейін кемеде өрт басталып, кейін күшті жарылыс болған.
Шри-Ланка Әскери-теңіз күштері IRIS Dena кемесі Үнді мұхитында батып кеткенін, салдарынан бортындағы шамамен 140 адам із-түзсіз жоғалып, 32 адамның құтқарылғанын, осы ел Сыртқы істер министрінің орынбасары Арун Хемачандра кеме батып кеткен жерден кем дегенде 80 адамның мәйіті табылғанын хабарлады.














