Американың жауапты тұлғалары Иранның қарымта шабуылдарының саны мен нысанаға алып жатқан мекендерінің алуандығына алаңдауда.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран Ислам Республикасына жасалған әскери басқыншылығы сәтті өтіп жатқаны туралы мәлімдемелеріне қарамастан, Американың лауазымды тұлғалары өз қауіптерін жасыра алар емес.
Аты-жөні немесе лауазымы көрсетілмеген америкалық жоғары лауазымды тұлға бүгін таңертең «Washington Post» газетіне берген сұхбатында: «Иран қатаң жауап қайтаруда. Шабуылдардың көптігі мен нысанаға алынған жерлердің әртүрлілігі алаңдатарлық жағдай.
АҚШ әскерилері Ирандағы қару-жарақты кім басқарып, бақылап отырғанына алаңдаулы», — деді.
«Washington Post» басылымы осы дереккөзінің сөзіне сілтеме жасап: «Әскери басшылар бұл қақтығыстың апталарға созылып, әуе шабуылына қарсы қорғаныс қорларына түсетін салмақты одан әрі арттыруы мүмкін деп қауіптенеді», — деді.
БАҚ дереккөздері аймақтағы америкалық базаларға Иранның зымыран және дрон шабуылдарының жаңа толқыны басталғанын хабарлады.
Басып алынған Палестина аумақтарына зымыран және дрон шабуылдары жалғасып жатқандықтан, Иран Ислам Республикасының қарулы күштері Батыс Азия аймағындағы америкалық базаларға зымыран және дрон шабуылдарының жаңа толқынын бастады.
Араб БАҚ-тарының хабарлауынша, бірнеше минут бұрын Иран Доха, Кувейт, Дубай, Бахрейн және Абу-Дабиге зымыран және дрон шабуылдарын қайтадан бастады.














