Иран СІМ Аббас Арақчи Америка Президентінің хатына жауап тиісті тексеріс жасалғаннан кейін алдағы күндері қайтарылатынын айтты.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран СІМ Аббас Арақчи: «Мемлекетіміздің сыртқы саясатын басқаратын жауапты тұлғалардың бірі ретінде халыққа қызмет ету үшін ешбір талпыныстан аянып қалмайтнымызды, ешбір мүмкіндікті жібермейтінімізге уәде беремін. Қысым, қоқан- лоққы және санкцияларды арттырған жағдайда тікелей келіссөз өткізбейтініміз шәксіз. Трамптың хатына жауапты алдағы күндері береміз. Тиісті арна арқылы жібереміз. Хат көбінесе қоқан-лоққы сипатқа ие. Дегенмен, «мүмкіндіктер бар» деген уәж айтылған. Біз екі өлшемді де — қоқан лоққы мен мүмкіндікті де көреміз», — деді.
Айта кетейік, БАӘ президентінің дипломатиялық кеңесшісі Анвар Қарқаш наурыздың он үші күні Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчиге АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ислам Республикасының діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге жолдаған хатын тапсырды.














