Астанада бүгін 21 мамырда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.
Еуразия тудейдің Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша 21 мамырда сағат 15.00 – 20.00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы және Астана қаласы жағдайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген.
Шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу аясында әуежай аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеу енгізу қарастырылған.
Осыған орай, азаматтар өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырылды.














