Ауғанстанның Герат провинциясына қазақстандық арнайы авиабортпен салмағы 1600 тоннадан асатын азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарын қамтитын ірі гуманитарлық жүк жеткізілді.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша қазақстандық гуманитарлық жүкті Ауғанстандағы Табиғи апаттардың салдарымен күрес жөніндегі штабтың өкілдері, атап айтқанда Азаматтық әуежайлардың бас директоры Гарвал Абдул Саттар қабылдады.
Сонымен қатар 10 қазанда Герат провинциясына 45 адамнан тұратын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару тобы келіп, қазіргі таңда Герат қаласынан 50 шақырым жердегі Наиброфи елді мекенінде құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Жақын арада зардап шеккен ауған халқына темір жол көлігімен «Хайратон» станциясына кезекті ірі гуманитарлық жүкті жіберіледі.
Герат провинциясының губернаторы шейх Нұр Ахмад Ислам Джар ауған халқы атынан қазақстандық тарапқа тұрақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.














