Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Қобыландыұлы Тумыш – Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбеде дүниеге келген.
1997 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Өзінің дипломатиялық мансабын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасында референт қызметінен бастады.
Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қаңтардан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымында болды.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.




















