Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Бақаи Бейжіңнің қарым-қатынасын стратегиялық серіктестік деп атады.
Бақаи Қытайдың соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер жоспарына қатысты хабарламалар туралы былай деді: «Қытайдың бізбен қарым-қатынасы өте жақсы. Стратегиялық серіктестікке иеміз. Қытай барлық үдерісте сындарлы рөл атқарып келеді. Қауіпсіздік Кеңесінде Қытай мен Ресей оң рөл атқарды.
Кеше Иран СІМ орынбасары Мәжид Тахт-Раванчи мен Қытай және Ресей елшілерінің қатысуымен отырыс өтіп, онда саяси өзгерістер талқыланды. Қытай Төрағасы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша төрт тармақтан тұратын жоспарды жариялады. Бұл біз үшін өте құнды. Арақчи мырзаның Қытайға сапары барысында да аймақ қауіпсіздігі мен Ормұз бұғазына қатысты мәселелер көтерілді. Қытай әрдайым оң рөл атқарып келеді», — деді.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаидің бүгін, дүйсенбі, 2026 жылғы 25 мамыр күнгі баспасөз мәслихаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.














