АҚШ-пен жанама хабар алмасу кезінде Иранның шарттары анық жеткізілді.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи кеше сәрсенбі күні кешке X әлеуметтік желісінде жазды .
Исмаил Бақайи дипломатияны жандандыру үшін Иранның ұстанымдары мен шарттары Иран мен АҚШ арасындағы арағайын елдер арқылы АҚШ-қа жеткізілгенін жазды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи X әлеуметтік желісінде былай деп жазды: «Кеше Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының алаңында Иран мен АҚШ арасындағы арағайын елдер жүргізіп жатқан келіссөздердің жалғасында Қатар өкілі арқылы Иран мен АҚШ арасында хабар алмасу мен түсіндірудің кезекті раунды өтті.
Шамамен екі сағатқа созылған үдеріс барысында дипломатияны жандандыру үшін Иранның ұстанымдары мен шарттары ешқандай күмән қалдырмайтындай және екінші тарап үшін ешбір сылтау немесе тәсіл қалмайтындай етіп америкалық тарапқа жеткізілді.
Иранның шарттары айқын әрі ашық: АҚШ-тың агрессивті әрекеттерін, соның ішінде теңіз қоршауы мен экономикалық терроризмді тоқтату, барлық майдандағы соғысты аяқтау, Иранның бұғатталған немесе шектелген активтерін босату, екі жағалаудағы мемлекет арасында келісілген тәсілмен қауіпсіз кеме қатынасы жолын мойындау және т.б.».
Айта кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иран мен АҚШ дипломаттарының Нью-Йорктегі кешегі кездесуін маңызды деп бағалағанымен, бұл келіссөздер әлі айтарлықтай ілгерілеуге жеткізбегені туралы уәж айтты. Алайда диалогтың жалғасуын келісімге қол жеткізу мүмкіндігінің бар екенінің белгісі деп атады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сәрсенбі күні ирандық және америкалық дипломаттардың Нью-Йорктегі келіссөздерін маңызды деп сипаттап, егер Вашингтон егер мүмкіндік болса, келісімге жету үшін келіссөздерді жалғастыратынын айтты.














