ДАИШ қыркүйектің 2, дүйсенбі күні Кабулда болған жойқын жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.
Еуразия Тудейдің Al-Arabiya ақпарат арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша ДАИШ Телеграмдағы аккаунтында осы топтың бір мүшесі Кабулда жарылғыш белбеуін жарып жібергенін жазды. Соның салдарынан 45-тен астам адам зардап шекккен.
Al-Arabiya ақпарат арнасының хабарлауынша, дүйсенбі күні Кабул полициясының баспасөз хатшысы Халед Зардан осы қаладағы жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 13 адамның жараланғанын хабарлады.
Ауғанстанның дереккөздері дүйсенбі күні Кабул қаласындағы Дар-ул-Аман аймағында талибандардың Бас прокуратурасы ғимаратына қарсы жерде қызметкерлер демалыста болған түстен кейінгі сағат 16:15 шамасында жарылыс болғанын хабарлады.














