Ливанда индонезиялық бітімгерлер қаза тапқаннан кейін Джакартадағы АҚШ елшілігінің алдында ауқымды наразылық акциясы өтті.
Ливанның оңтүстігінде Израиль режимінің іс-әрекетінен индонезиялық үш әскери қызметші қаза тапқаннан кейін мыңдаған адам Джакартадағы АҚШ елшілігінің алдына наразылық акциясына шықты.
Акция таңертең ерте басталып, тез арада кеңейді. Оған отбасылардың, әйелдер мен балалардың жаппай қатысқаны хабарланды.
Үстеріне ақ киім киген наразылық білдірушілер Палестина мен Индонезия туларын ұстап, ұрандар айтып, шабуылды айыптап, Палестина халқына қолдау білдірді. Акция «Шәһидтер үшін миллиондаған дұға» деген атаумен өтіп, дұғалармен, сөз сөйлеулермен және діни жырлармен жалғасты.
Іс шарада сөз сөйлеушілер Ливанның оңтүстігіндегі UNIFIL бітімгершілік миссиясы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алып, халықаралық қауымдастықты халықаралық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартуға шақырды.
Сондай-ақ олар Палестинаны қолдайтындарын және қақтығысты тоқтату қажеттілігін қуаттады. Бұл шара Джакартадағы соңғы уақыттағы ең ірі наразылық шерулерінің бірі деп танылды.
Еске салайық, 2026 жылдың наурыз айының соңында Ливанның оңтүстігіндегі жарылыстарда Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштерінде (UNIFIL) қызмет етіп жүрген индонезиялық үш сарбаз қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды.














