Эр-Риядтағы Король Халид халықаралық әуежайына жасалған соңғы шабуылдардан кейін әуежай жұмысының тоқтатылу мерзімі ұзартылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша осыған байланысты Gulf Air, Emirates, Lufthansa және Delta сынды бірқатар әуе компаниясы Сауд Арабиясының астанасына қатынайтын рейстерін тоқтатты немесе кейінге шегерді. Кейбір бағыттар бойынша бұл шектеулер алдағы бірнеше айға дейін жалғасады.
АҚШ-тың Delta әуе компаниясы Атлантадан Эр-Риядқа жоспарланған рейстерін 2027 жылғы наурызға дейін кейінге шегерді.
Филиппин әуе компаниясы Эр-Риядқа және одан кері бағыттағы рейстердің тоқтатылу мерзімін 29 қарашаға дейін ұзартты.
Француз-голландиялық әуе компаниялары тобы Эр-Риядқа және одан кері бағыттағы рейстерді тоқтату мерзімін қазан айының соңына дейін ұзартты.
Германияның Lufthansa тобына кіретін әуе компаниялары Эр-Риядқа қатынайтын барлық рейстерін 16 қазанға дейін тоқтатты.
Бахрейннің авиация басқармасы Эр-Риядқа және одан кері бағыттағы рейстердің тоқтатылу мерзімін 17 қазанға дейін ұзартты.
Үндістанның авиация басқармасы Эр-Риядқа және одан кері бағыттағы рейстердің тоқтатылу мерзімін ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін ұзартты.
Йемен армиясы Сауд Арабиясының шабуылдарына жауап ретінде соңғы күндері Эр-Рияд әуежайына зымыранмен бірқатар соққы жасады. Соның салдарынан әуе рейстерінің қозғалысы бұзылып, ұшу уақытша тоқтатылды.














