Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы генерал-майор Мохсен Резайи қазіргі жағдай жалғаса берсе, энергия нарықтары алдағы үш жылда тұрақтанбайтынын баса айтты.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы генерал-майор Мохсен Резайи былай деді: «Барша Иранға қарсы әрекеттің құны бар екенін білуі керек. Егер дипломатия осы түсінікті қалыптастыра алса, біз дипломатияны құп көреміз. Алайда соғыс жалғасатын болса, Иран жауап беруді жалғастыруға қажет құралдарға ие.
Біз алдыңғы кезеңдерде бар мүмкіндігімізді қолданған жоқпыз. Соғыстың қарқындылығына сәйкес операцияларға көбірек әлеуетімізді қостық. Келесі кезеңге де дайынбыз.
Қазіргі жағдай жалғаса берсе, стратегиялық салдарға жеткізеді. Соның ішінде энергия нарықтары алдағы үш жылда тұрақтанбайды.
Бұл соғыстың жалғасуы қарым-қатынас серпінділігін Иранның пайдасына өзгертті. Себебі Парсы шығанағы жағалауындағы елдер Иранмен қарым-қатынастарын жедел қайта қарастырып жатыр. АҚШ әскері тіпті өз базаларын да қорғай алмайтындығына олардың көзі жетті. Олар АҚШ-нан өздерін қорғауды күткен еді».
Жаудың жасанды интеллект нысандары — біздің мақсаттарымыздың бірі
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сөзін жалғастырып:
«Аймақта АҚШ-тың құнды активтері бар. Соғыс басталған жағдайда кабельдер, деректер орталықтары және жасанды интеллект нысандары да нысанаға алынуы мүмкін. Қақтығыс қайта басталған жағдайға біздің ауқымды жоспарларымыз бар.
Біріншіден, контрабанда әлемнің барлық жерінде таралған. Алайда Ормұз бұғазы Иранның бақылауында. Оны біз басқарамыз. Екіншіден, соңғы екі-үш айда орта есеппен әр түн сайын біз контрабандашыларға тиесілі бес кемені нысанаға алдық. Бұлар — Орталық қолбасшылықтың (CENTCOM) қолбасшысы басқаратын адамдар. Олар Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери күштерін де пайдаланады.
Ормұз бұғазын басқару — біз үшін ұлттық капитал. Мәселе тек алым жинауда емес. Негізгі мәселе — қауіпсіздік. Қауіпсіздік, сақтандыру және қоршаған ортаны қорғау шығындары үшін де төлем алуға болады. Алайда бұғазды басқарудың маңызы одан түсетін табыстан әлдеқайда жоғары».
Иран шарттары орындалмайынша, келіссөздерге оралмайды
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы былай деп қосты:
«Біз бұрынғы дипломатияға оралмаймыз, бірақ дипломатиядан да бас тартпаймыз. Біз арағайын елдер арқылы жеті жаңа шарт ұсындық. Бұл шарттар орындалмайынша, Иран бұғазды ашпайды және келіссөздерге де оралмайды.
Бұл жолғы айырмашылық — біз кепілдікті келісімнің өз құрылымына енгіземіз. Алдымен міндеттемелер орындалады, содан кейін Иран бұғазды ашу туралы шешім қабылдайды, одан соң Оманмен келісілген жаңа тәртіптер негізінде кеме қатынасы қайта басталады.
Резайидың айтуынша, Иран бұдан былай жалғыз кепілдігі саяси ізгі ниет болатын келісімге мүдделі емес. Егер Вашингтон өз міндеттемелерін орындаса, Ормұз бұғазын ашуға және дипломатияны жалғастыру үшін жол бар.
Алайда Иран бастапқыда қарсы тарапты келіссөздер үстеліне әкелген тетіктен бас тартпайды, содан кейін уәделердің орындалатынын қарап, күтіп отырмайды.














