БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторына шұғыл көмек жіберу туралы қарары мақұлдағаннан кейін бұл қарардың қабылдануы Газадағы гуманитарлық дағдарысқа оң әсер етеді деген үміт білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Антониу Гутерриш қарар мақұлданғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Газа секторындағы соғыстың дереу тоқтатылуы керек екенін айтты.
Израильден көмек көрсетудегі кедергілерді жоюды сұраған БҰҰ Бас хатшысы Израильдің әскери операциясы Газа секторына көрсетілетін гуманитарлық көмекке кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді.
Желтоқсанның 22 күнгі Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторына қатысты ашық отырысында қабылданған қарардан кейін кеше, желтоқсанның 24 күні Израиль армиясы Газа секторындағы соғыс қимылдарына төрт сағаттық үзіліс жасады.
Израиль үкіметінің мәліметінше, бұл үзіліс тұрғындарға су мен азық-түлік алу үшін беріліп отыр.














