Ирак СІМ Фуад Хосейн Сирияда ДАИШ тобының қайтадан күшею қаупінің артуы мен олардың жаңа қару-жараққа қол жеткізгеніне қатысты ескерту жасады.
Еуразия Тудейдің “Шафақ ньюс” агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Ирак СІМ Фуад Хосейн Давос форумы аясында Сирияда ДАИШ тобының бақылауындағы аумақтың кеңейіп келе жатқанын айтты.
Ол: “Бүгінде ДАИШ пен басқа топтардың лаңкестері көбірек қаруға қол жеткізеді. Себебі Сирия әскері жойылды. ДАИШ лаңкестері көбірек қару жинап алып, жаңа күш тартумен айналысып жатыр. Осы лаңкестер Иордания шекарасында болғандай, біздің шекараларымызда да жүр. Бұл мәселе бізді алаңдатады”, — деді.
Интерфакс агенттігінің мәліметіне сәйкес, Фуад Хусейн ДАИШ-ті ауыздықтаудың және Сириядағы жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылғы 2254 қарарының ережелеріне сәйкес жан-жақты ұлттық диалог жүргізу деп атады.














