Иран қарымта әрекетте «Найзағай» операциясының 15-кезеңі аясында Бахрейндегі «Шейх Иса» базасында орналасқан АҚШ армиясының базаларын атқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Бахрейндегі «Шейх Иса» базасында орналасқан АҚШ армиясының ангарлары, ұшақтар қойылатын алаңдары мен жанармай қоймаларына, сондай-ақ бірнеше көпірге соққы жасалды.
Иранның «Хатәм ул-Анбия» орталық штабы мәлімдемесінде қарымта жауаптың бұдан былай симметриялы болмайтынын, дәлме-дәл және тең дәрежеде жауап қайтару теңдеуі аяқталғанын мәлімдеді.
Иорданиядағы «Әл-Азрақ» базасы, Сауд Арабиясындағы «Сұлтан ханзада» базасы, Ирбилдегі лаңкестер жасырынған нысандар, АҚШ-тың 5-ші флоты мен Бахрейндегі кемелер тұрағы, сондай-ақ, АҚШ-тың Кувейттегі позициялары нысанаға алынды.
Иордания, Ирак және Сирия шекаралары түйіскен «Әт-Танф» аумағындағы үшбұрыш тосын операция да АҚШ-қа ауыр шығын әкелді.














