Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Америка Құрама Штаттарымен келісімге келудің шарттарын жариялады.
Арақчи Америка Құрама Штаттарымен келісімге келе алатындарына сенім білдіріп, аймақтағы дос елдер арқылы хабарлама алмасу сындарлы келіссөздерді жеңілдететінін айтты.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи жексенбі күні кешке CNN ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында: «Мен ядролық қару бағдарламасы бойынша АҚШ-пен келісімге келе алатынымызға сенімдімін», — деді.
Аракчи бұл сұхбатында келесі жайттарды атап өтті: «Өкінішке орай, біз келіссөз жүргізуші серіктес ретінде АҚШ-қа деген сенімімізді жоғалттық. Алайда, аймақтағы дос елдер арқылы хабарлама алмасу АҚШ-пен оң нәтижелі келіссөздер жүргізуге жағдай жасайды.
Егер біздің уранды байыту құқығымыз мойындалса және біз бейбіт мақсаттағы байыту жұмыстарын жалғастыра алсақ, онда кез келген егжей-тегжейлі мәселе бойынша келіссөз жүргізуге болады. Біз кез келген форматта үстел басына отырып, ортақ шешімге келе аламыз», — деді.














