Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаи АҚШ басшыларының Оман Сұлтандығына бағытталған қорқыту сипатындағы мәлімдемелерін қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша ол бұл әрекетті БҰҰ-на мүше тәуелсіз мемлекетті бопсалау және АҚШ-тың мемлекеттік басқару жүйесі мен саясат жүргізу мәдениетінің ахлақ тұрғысынан күйрегенінің кезекті белгісі деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаи бүгін жұма, мамырдың 29 күні АҚШ билігінің Оман Сұлтандығына қарсы айтқан қоқан-лоқы сөзін үзілді-кесілді айыптады.
Исмаил Бақаи АҚШ Қаржы министрінің бұған дейінгі “Оманды талқандаймыз» деген қоқан-лоқысыан кейін Оманға қарсы санкция салумен сес көрсетуін БҰҰ-на мүше тәуелсіз мемлекетті бопсалау әрекеті деп бағалады. Ол бұл қадамды Американың басқару және саясат жүйесіндегі ахлақтық дағдарыстың айқын дәлелі ретінде көрсетіп, былай деді: «Оманға жалған сылтаулармен санкция салумен қоқан-лоқы жасау — мүлдем заңсыз және БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына қайшы келетін әрекет. Халықаралық қоғамдастық бұл ұстанымға жауапты түрде үн қатып, халықаралық құқықтық нормаларды бұзудың әдеттегі жағдайға айналуына жол бермеуі тиіс».
Трамп егер Оман Ормұз бұғазы мәселесіне араласатын болса, оны талқандайтынын айтып қорқытқан болатын.
Трамп «Форт-Майерс» әскери базасында сөйлеген сөзінде: «Ормұз бұғазы бәрі үшін ашық болады. Біз оны қорғаймыз. Егер Оман басқа елдер сияқты әрекет етпейтін болса, біз оның күл-талқанын шығаруға мәжбүр боламыз», — деді.














