Иран елшісі еліндегі наразылықтың тәртіпсіздікке ұласуына Американы жауапты деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі Әмір Саид Иравани Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған хатында Ирандағы тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылық әрекеттеріне АҚШ-тың жауапты екенін баса айтты.
Ол АҚШ-тың заңсыз қатынасы мен осы елдің Иранның ішкі істеріне араласу үшін сионистік режиммен үйлесімді әрекет етуін айыптады.
Иревани: «Араласушылық қорқыту, арандату және зорлық-зомбылыққа әдейі ынталандыру, сондай-ақ тыныштық пен тұрақтылықты бұзу арқылы жүзеге асырылуда.
Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына қайшы келетін тұрақтылықты бұзатын әрекетті айыптаймыз», — деді.















