Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи Израильдің Сирияның әртүрлі аймағына, әсіресе Дамаскке жасаған кең ауқымды әскери шабуылдарын қатаң айыптады.
Бақайи бүгінде Израильдің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ең үлкен қауіп төндіріп отырғаны баршаға белгілі болғанын, Сирияға қарсы әуе шабуылдарының күшеюіне, салдарынан азаматтық және үкіметтік нысандарға соққы берілгеніне, сондай-ақ Сирия аумағының үлкен бөлігін басып алудың жалғасуына тоқталды.
Иран дипломаты: «Сионистік режим АҚШ пен бірқатар басқа батыс елінің, атап айтқанда Германия, Ұлыбритания және Францияның әскери және саяси қолдауына ие болып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке бұрын-соңды болмаған қауіп төндірді», — деп баса айтты.
Израиль армиясы кеше, шілденің 16, сәрсенбі күні Дамаскідегі Қорғаныс министрлігі ғимаратының кіреберісі мен Президент сарайының жанындағы нысанаға зымыранмен шабуыл жасады.
ЦАХАЛ баспасөз қызметі бұл туралы Телеграмдағы арнасында: «ЦАХАЛ Сирияның оңтүстігіндегі жағдайды және режимнің друзиялық бейбіт тұрғындарға қарсы әрекеттерін бақылауды жалғастыруда. Саяси басшылықтың нұсқауларына сәйкес, Израиль армиясы бұл аймаққа соққы жасауды жалғастырып, әртүрлі сценарийге дайын», — деп хабарлады.
Айта кетейік, соғыс Ахмед аш-Шараа үкіметінің сириялық бөлімшелері мен елдің оңтүстігіндегі друздар арасындағы қақтығыстар кезінде басталды.














