Иран мен Америка жанама келіссөздерінің төртінші кезеңін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи хабарлады.
Арақчи Х платформасындағы аккаунтында: «Омандық және америкалық тараптармен бірге біз логистикалық және техникалық себептерге байланысты келіссөздердің төртінші кезеңін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдадық» деп жазды.
Арақчи жалғасында: «Иран тарапынан келіссөздер арқылы шешімге қол жеткізуге деген ниетінде ешқандай өзгеріс болған жоқ.
Шынында да, біз бұрынғыдан әділ және теңдестірілген келісімге қол жеткізуге бел байладық. Санкциялардың жойылуын қамтамасыз ететін және Иранның ядролық бағдарламасы мәңгілік бейбіт сипатта қалып, Иран құқықтарының толық сақталуын қамтамасыз ететін сенімді арттыратын келісім қажет» деп жазды.
Иран мен АҚШ Оманның арағайындығымен 12 сәуір күні жанама келіссөздерді бастады. Келіссөздердің екінші кезеңі сенбі, 19 сәуірде Италияның астанасы Римде, үшінші кезеңі 26 сәуір, сенбі күні Оманда өтті.














