Америкалық ақпарат агенттігінің израильдік тілшісі Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің келесі кезеңі Италияның астанасы Римде өтетінін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Исна ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Оман билігінің Иран мен Америка арасындағы арағайын ел ретіндегі ресми мәлімдемесінің жоқтығына қарамастан, америкалық ақпарат агенттігі Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің төртінші кезеңін өткізетін орынның анықталғаны туралы уәж айтты.
Америкалық Axios ақпарат агенттігінің израильдік журналисі Барак Равид кеше, дүйсенбі күні кешке екі ақпарат көзіне сілтеме жасап: «Иран мен АҚШ келіссөздерінің төртінші кезеңі сенбі күні Италияның астанасы Римде өтеді» деп мәлімдеді.
Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи баспасөз мәслихатында қойылған сұраққа жауап беріп: «Масқат келісімі мен Оман Сыртқы істер министрі жариялаған мәліметтерге сәйкес, келіссөздердің келесі кезеңі әзірше сенбіге жоспарланған»,- деп мәлімдеді.
Ол сөзін жалғастырып: «Біз келіссөздердің уақыты мен орны туралы Оман тарапымен үйлесімді әрекет етеміз. Келіссөздердің уақыты мен орны туралы шешім үш елдің келісімі арқылы қабылданады. Мен бұдан басқа ешнәрсе естіген жоқпын»,-деді.
Осы уақытқа дейін Иран мен АҚШ Оманның арағайындығымен Иранның ядролық бағдарламасы және АҚШ санкцияларын жою тәсілдері туралы жанама келіссөздердің үш кезеңі мен техникалық-сарапшылық кеңестің бір кезеңін өткізді.
Оман Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келіссөздердің төртінші раунды алдағы сенбіде өтеді.
Америкалық БАҚ көздері де америкалық жауапты тұлғалардың сөзіне сілтеме жасап, алдағы кездесудің еуропалық бір елде өтуі мүмкін екенін хабарлады.
Иран мен Американың ресми тұлғалары келіссөздердің үш кезеңін де сындарды және оң деп бағалады.
Келіссөздердің үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін америкалық бір жауапты тұлға Reuters агенттігіне берген сұхбатында: «Иранмен келіссөздердің үшінші кезеңі оң және сындарлы болды. Сенбі күнгі келіссөздерде келісімге қол жеткізу үшін көптеген ілгерілеушілікке қол жеткізілді» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи де БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Екі жақтың да келіссөздерге шынайы кіріскені толығымен айқын болды. Бұл ілгерілеуге болады деп үміттенетін кеңістік тудырады. Біздің үміттенгенде өте сақтық сақтаймыз. Алдымен жалпы түсіністікке қол жеткізетін, кейін олар туралы егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу керек мәселелер бар» деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп та жуырдағы мәлімдемелерінде АҚШ пен Иранның келісімге келетініне сенім білдірді.














