Былтырғы наурыз айынан бергі тоғыз ай ішінде Иран мен Батыс Азия елдері арасында сауда айналымы артты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның Сауданы дамыту ұйымының Батыс Азия департаментінің Бас директоры Абдуламир Рабиһави былтырғы наурыз айынан осы уақытқа дейін Иран мен Батыс Азия елдері арасындағы сауда айналымы артқанын мәлімдеді.
Абдуламир Рабиһави Иранның тоғыз айдағы Батыс Азия елдерімен сауда статистикасына тоқталып, осы уақытта Иранның Иракпен саудасы 35 пайызға, БАӘ-мен 11 пайыз, Түркиямен 59 пайыз, Кувейтпен 31 пайыз, Сириямен 21 пайыз, Қатармен 14 пайыз, Иорданиямен 508 пайыз, Оманмен 15 пайыз, Ливанмен 30 пайыз, Арабстанмен 9795 пайыз дамуға ие болғанын, Иранның Сауд Арабиясы, Ливан және Бахрейнмен сауда статистикасы өсу үдерісін көрсеткенін айтты.
Соның ішінде Иранның Сауд Арабиясымен саудасы 200 мың доллардан 23 миллион долларға, Ливанмен 18 миллион доллардан 23 миллион долларға, Бахрейнмен 7 миллион доллардан 11 миллион долларға дейін өсті.
Иранның Түркиямен сауда көлемі алдыңғы жылы шамамен 3 миллиард 271 миллион доллар болса, былтырғы жылдың наурыз айынан бергі тоғыз айда бұл сан шамамен 5 миллиард 203 миллион долларға жетіп, оның құнының өзгеруі 2 миллиард долларға жуықтады.
Иранның Батыс Азия елдерімен сауда балансы осы жылдың алғашқы тоғыз айында 31 пайыз шамасында болды, ал импорт өсімі шамамен 21 пайызды құрады. Сондықтан Ираннан экспорт импорттан жоғары болды.














