Iran Hormoz компаниясы және “Росатом” жобалық компаниясы арасында атом стансасының төрт блогын салу туралы келісімге қол қойылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Iran Hormoz компаниясы мен “Росатом” компаниясы арасында Һормозгонның Сирик аймағында құны 25 миллиард атом стансасының үшінші буынды заманауи төрт блогын салу туралы келісімге қол қойылды.
Иран Ислам Республикасы Iran Hormoz компаниясы мен Ресей Федерациясының REP компаниясы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен ынтымақтастықты дамыту аясында әрбір блок үшін қуаты шамамен 1255 МВт электр қуаты, барлығы 5020 МВт электр қуатқа ие үшінші буынды жетілдірілген төрт атом электр станциясын жобалау және салу туралы келісімге қол қойды.
Бұл мега жоба Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Һормозган провинциясының Сирик аймағындағы 500 га жерде жүзеге асырылады.














