Иран Революциясының сақшылар корпусы Американың лаңкестік армиясына тиесілі MQ-1 ұшқышсыз ұшу аппараты Ормұз бұғазының көгінде жойылғанын хабарлады.
Революция сақшылары корпусы мәлімдемесінде жарты сәт бұрын Американың лаңкестік армиясына тиесілі тағы бір MQ-1 ұшқышсыз ұшу аппараты Әуе-ғарыш күштерінің озық әуе қорғаныс жүйесінің атқылауымен және елдің біріктірілген әуе қорғаныс жүйесінің бақылауымен Ормұз бұғазының аспанында ұсталып, жойылғанын хабарлады.
Айта кетейік, Ауғанстан аспанында 20 000 сағат ұшып, «Қандағардың қасапшысы» деген атпен танылған бұл озық дрон осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың әскери-теңіз және әуе күштерінің қатарынан шығарылып, оның орнын MQ-9 дрондары басқан болатын.
Алайда MQ-9 дрондарының басым бөлігінің жойылуына байланысты АҚШ бұл дронды қайтадан қолдануға мәжбүр болып отыр.
АҚШ Конгресінің Бюджет басқармасы Америка Құрама Штаттары мен Израиль режимінің Ислам Республикасына қарсы агрессиясы басталған 28 ақпаннан бері кем дегенде 24 MQ-9 Reaper дронының жоғалғанын растады. Аталған басқарма жариялаған деректерге сәйкес, бұл шығындар шамамен 720 миллион долларды құрайды.
Иран жойылған дрондардың санын 53 деп атады.














