Иран президенті он бір жылдан кейін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа келді.
Иран президенті Ибраһим Раиси бүгін, қарашаның 11 күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы басшыларының шұғыл жиналысына қатысу үшін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа келіп жетті.
Бүгін, сенбі күні түстен кейін Сауд Арабиясына келген Ибраһим Раисидің бір топ Сауд қайраткерлері, Иран Ислам Республикасының осы елдегі елшілігінің елшісі және дипломаттары қарсы алды.
Саммит аясында Иран президенту сонымен қатар бірқатар қатысушы елдердің басшыларымен кездесіп, сұхбаттасады.
Бұл сапарда Иран президенті кеңсесінің басшысы Ғоламхоссейн Исмаили мен Сыртқы істер министрі Хоссейн Амирабдоллахиан бірге жүр.
Бұл Иран Ислам Республикасы Президентінің Сауд Арабиясына 11 жылдан кейінгі алғашқы сапары.














