Иранның шәһид Көшбасшысы аятолла сейіт Әли Хаменеи Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Тегерандағы кездесуде Әл-Фарабидің Иран мен Қазақстан халықтарын байланыстырушы асыл мұрасын сақтау қажеттігін қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени атташесі доктор Мұхаммед Масұд Садеқи Иранның марқұм көшбасшысы Әли Хаменеидің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Тегерандағы кездесуде айтылғанын жазды.
Халықаралық қарым-қатынас кеңістігінде саяси және экономикалық байланыс екі ел арасындағы ықпалдастық жүйесінің бір бөлігін ғана құрайды. Оған жан бітіріп, түрлі өзгерістердің зияны мен зардабынан сақтайтын сала — мәдениет.
Бұл күндері Тегеранда осыдан төрт ай бұрын жұмыс бөлмесінде мазлұм күйде шәһид болған Иран Ислам Республикасы Көшбасшысының жаназасын шығару және жерлеу рәсімдері өтіп жатыр.
Шәһид Көшбасшы аятолла сейіт Әли Хаменеи мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи кездесуі — шәһид жетекшінің ислам әлемінің болашағы мен өркениет мұрасына деген жоғары көзқарасын көрсеткен терең мәдени байланыстың жарқын көрінісі еді.
Сол кездесуде мәдениет саласы сарапшыларының назарын аударған басты мәселе — шәһид Көшбасшының өркениеттік ортақ мұраны жандандыру және сақтау қажеттілігін ерекше қуаттауы болды.
Ол кісі жағырапиялық шекаралардан ауқымды пайымымен Ислам әлеміне және Иран мен Қазақстан арасындағы ортақ өркениет кеңістігіне тиесілі ұлы тұлғалар мен ойшылдар туралы сөз қозғады. Сол ұлылардың көш басында екі халықтың ортақ болмысы мен ой-санасының айшықты тұлғасы хәкім Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі шәһид Көшбасшының сөзінде ерекше аталды.
Әл-Фараби бір ғана жағырпиялық аймаққа тиесілі ғана тұлға емес, шәһид Көшбасшының айтуы бойынша, ол — тарих бойында Иран мен Қазақстан халықтарының жүректерін байланыстырушы буын.
Шәһид Көшбасшы әл-Фараби мұрасын сақтауды баса айта отырып, біздің тамыры тереңге бойлаған байланысымыздың ортақ болашағымызға шабыттандыратыны туралы үндеу жолдады. Ол әрдайым әл-Фараби мұрасын халықтардың төзімділігі мен айбынының мұрасы санады.
Бүгін біз ортақ мұра туралы айтып отырғанда шәһид Көшбасшының асқақ болмысының арамызда жоқтығы ақиқат пен әділдікті сүйетіндердің жүректерін ауыр қайғыға душар етті. Көзі тірісінде ғиззат пен абырой жолындағы шәһидтердің көшбасшысы болған Жетекшінің есімі өркениеттік негіздерімізді сақтау жолында біз үшін әрқашан бағдаршам болып қала бермек.
Біз бүгін шәһид Көшбасшының қасиетті есімімен оның әл-Фараби сынды білім мен даналықтың ұлы тұлғаларына тағзым еткен сара жолын жалғастыруға уәде береміз.
Әрқашан халықтардың бірлігі мен мерейлерінің үстем болуын насихаттаған ол кісі бүгін біздің арамызда жоқ, бірақ Иран мен Қазақстан халықтарының рухани байланысына бағытталған асқақ идеясы — мәңгілік мұра.














