Иран Президенті Масуд Пезешкиан егер ислам елдері бірігетін болса, сионистік режимнің ешбір мұсылман елге шабуыл жасауға батылы бармайтынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Президенті Масуд Пезешкиан бұл туралы кеше дүйсенбі күні кешке Катар астанаасы Дохада ислам елдері мен Араб лигасы басшыларының төтенше отырысы аясында Арабстанның Тақ мұрагері Мұхамед Бен Салманмен кездесуде мәлімдеді.
Пезешкиан нығайып келе жатқан екіжақты өзара байланыс үдерісіне ризашылық білдіріп, Иран мен Арабстан арасында серіктестіктің артуы мен күшеюі екі ел мен мұсылман халықтардың және аймақ елдерінің мүддесінің қамтамасыз етілуіне септігін тигізетінін қуаттап, Иранның Арабстанмен екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа әзірлігін айтты.
Пезешкиан сөзінің жалғасында қазіргі жағдайда Арабстан секілді үлкен мұсылман елдерінің жауапкершілігі ауыр екеніне тоқталып: «Егер ислам елдері біріксе, Израильдің ешбір мұсылман еліне шабуыл жасауға батылы жетпейді. Арабстан ислам елдерінің бірлігі жолында маңызды рөл атқара алады», — деді.
Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед Бен Салман да кездесуге ризашылық білдіріп, Иран мен Арабстан және Түркия сияқты үлкен ислам елдерінің байланысы даму жолына түскеніне қуанышын мәлімдеп: “Ислам елдері өздері мен ислам әлеміндегі басқа елдердің тәуелсіздігі мен абыройын тиімдірек қорғап, сионистік режимнің басқыншылығы мен шектен шығуының алдын алуы үшін ұзақ мерзімді перспективада күш-қуатқа ие болуы керек”, — деді.
Мұхаммед Бен Салман ислам елдерінің Палестина мен Газадағы жағдайды қысқа мерзімде шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуі керектігін баса айтып: «Біздің аймақ қазір ерекше жағдайда. Бізбен сіз және басқа ислам елдері арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту — таңдау емес, қатаң қажеттілік», — деді.














