Сионистік режимнің қарулы күштері ақпарат саласында кәсіби міндеттерін атқарып жүрген тағы бес палестиналық журналисті өлтірді.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабаралуы бойынша Газа секторының орталығындағы Нусейрат лагерінде Quds News Network телеарнасының тікелей хабар тарататын құрал-жабдықтарын таситын көлікке израильдіктер шабуыл жасап, салдарынан бес журналист қаза тапты.
Көлік анклавтың орталығындағы Нусейрат босқындар лагеріндегі әл-Ауда ауруханасының жанында тұрған. Көліктің артқы жағында үлкен қызыл әріптермен «Пресса» сөзі жазылған.
Al-Quds Al-Youm қаза тапқан журналистердің есімдерін атап, олардың журналистикалық және гуманитарлық борышын өтеу кезінде өлтірілгенін айтып, оқиғаны палестиналық журналистерге қарсы басқыншылық қылмыстар қатарына қосылатын қылмыс деп сипаттады.
Айта кетейік, Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы басталғанан бері қаза тапқан БАҚ қызметкерлерінің саны 201-ге жеткен.














