Израиль палестиналық тұтқындарды азат ету үдерісін кешіктіруден кейін ақыр соңында тұтқындармен алмасу келісімі негізінде тоқсан адамды босатты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Израиль бүгін, дүйсенбі, қаңтардың 20 күні таңертең палестиналық тұтқындарды азат ету үдерісін қасақана кешіктіруден кейін “Бір тұтқынның орнына отыз тұтқын” атты тұтқындармен алмасу келісімі негізінде тоқсан тұтқынды бостандыққа шығарды.
Осы тұтқындарды босатудың алдында ХАМАС қозғалысының тұтқындар ісі бойынша кеңсесі Офер түрмесінің ішіндегі тұтқындардың аты-жөндерін тексеру үдерісі жүзеге асырылып, бір тұтқын әйелдің есімі тізімде жоқ екені анықталғанын, сол себепті арағайындар және Қызыл крест ұйымымен байланыс орнатылғаны, Израиль аты-жөні тізімде жазылған барлық тұтқынды азат етуі керек екендігі баса айтылғанын мәлімдеді.
Осы кеңсе Офер әскери түрмесінің тұтқындары мінген автобустардың жолға шығатынын хабарлады. Содан бір сағат уақыт өткеннен кейін Израиль түрмелерінің Бас департаменті палестиналық барлық тоқсан адамның бостандыққа шыққаны туралы есеп берді.
Израильдің 12 телеарнасы Қызыл крест ұйымымен палестиналық тұтқындардің тізімі туралы мәселе шешілгенін, оларды азат ету кезеңдері басталғанын хабарлады.
Палестиналық дереккөздерінің мәліметі бойынша бостандыққа шыққан тоқсан тұтқынның алпыс тоғызы әйел, жиырма бірі балалар мен жасөспірімдер. Олардың жетпіс алтысы Иордан өзенінің батыс жағалауының, ал қалған он төрті Шығыс Бейт әл-Моқаддас тұрғындары.
Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтар осы тұтқындардың азат етілуіне қуанып, оларды өздерінің қалалары мен ауылдарында қарсы алды.














