Израиль режимі Сирия астанасындағы аймақтарды нысанаға алды.
Еуразия Тудейдің Al-Mayadeen арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль режимі Башар Асад үкіметі құлатылғаннан бері Сирияға үздіксіз әскери араласушлығын жалғастыруда.
Осыған сәйкес, жергілікті ақпарат көздері сионистік режим соғыс ұшақтарының Сирияға жасаған шабуылдарында ел астанасы Дамасктегі аймақтарды бомбалағанын хабарлады.
Сирия ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің жақында жасалған әуе шабуылында Сирия президенттік сарайының маңындағы бір орын нысанаға алынған.
Сионистік режимнің ақпарат көздері де осы режимнің премьер-министрінің кеңсесіне сілтеме жасап: «Сионистік армия кеше түнде де Сирия президентінің сарайы маңындағы нысанаға шабуыл жасады» деп хабарлады.
Тель-Авив бұған дейін Сириядағы друз азшылығын қолдайтынын жариялап, әл-Джулани режиміне оларды басып-жаншуғ қарсы ескерткен болатын.














