Израил Иранмен соғыстағы жеңілістен кейін бүгінде сәтсіздігінің орнын саяси салада толтыруға тырысуда.
Иранмен соғыста жеңілгеннен кейін Израиль қазір аймақта саяси әрекеттері арқылы әскери жеңілісінің орнын толтыруға тырысуда.
Соңғы апталарда Израиль мүддесіне сай қадам жасау үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) Израиль тарапынан қысым күшейіп, тіпті ОПЕК-тен шығу сияқты идеялар да көтерілді.
Бүгінгі таңда аймақтың көптеген елі бұл оқиғаларды барынша сақтықпен бақылауда.
Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру күтілгеннен де ауыр шығынға соқтыруы, тіпті ішкі ресурстар мен тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін деген түсінік қазіргі таңда артып келеді.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Израил премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудің арандатуымен 2026 жылғы 28 ақпанда Иранға шабуыл жасады. Алайда, екі ел ел алғашында әртүрлі мақсат көздеді. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің мақсаты ислам республикасы режимін құлату және Иранның энергетикалық ресурстарын бақылауға алу екенін жасырмады.
Израил да Ирандағы режимді өзгертуді мақсат еткенімен, бастапқы жоспарына Иранның ядролық бағдарламасын, сондай-ақ осы елді қарусыздандыруды, ең алдымен баллистикалық зымырандарын залалсыздандыруды көздеді.
Израил премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әскери операцияларының жағырапиясын барынша кеңейтіп, Иранмен соғысқа мүмкіндігінше көп елді тартуға күш салғанымен онысынан түк өнбеді.














