Иран Ислам Республикасының Армиясы мәлімдеме жасап, Израильдің Иранға қарсы кеше түнгі шабуылдарында Иран армиясының екі жауынгері қаза тапқанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасы Армиясының мәлімдемесінде: «Иран Ислам Республикасының армиясы кеше түнде Иранның қауіпсіздігін қорғап, Иранның халқы мен мүдделеріне зиян тигізбеу үшін Израильдің қылмысты режимінің зымырандық шабуылдарына қарсы тұрып, екі жауынгерін құрбан етті», — деп жазылған.
Айта кетейік, осыған байланысты Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс базасы мұның алдында Израильдің «Тегеран, Хузестан және Илам облыстарындағы әскери орталықтарға шабуыл жасағанын» хабарлаған болатын.
Израиль 26 қазанға қараған түні Иранға шабуыл жасады.
Fars ақпарат агенттігі Израильдің Теһранның батысы мен оңтүстік-батысындағы бірқатар әскери базаға шабуыл жасағанын мәлімдеді.














