Иран Армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Шаһрам Ирани жақында Каспий жағалауындағы мемлекеттердің ынтымақтастығымен бірлескен жаңа оқу-жаттығулары өтетінін хабарлады.
Еуразия Тудйдің хабарлауы ойынша Иран Ислам Республикасы Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Шаһрам Ирани Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің теңіз күштері қолбасшылары саммиті жұмысының басталу рәсімінде осы теңіз жағалауындағы елдер арасындағы байланысқа сілтеме жасап: «Каспий жағалауындағы елдер осы теңізбен байланысты салаларда өте жақсы қарым-қатынасқа ие», — деді.
Ирандық контр-адмирал бұл теңіз үшін шешімді Каспий маңы елдері қабылдайтынын қуаттап: «Каспий теңізі тек жағалау маңындағы бес елге — Қазақстан, Иран, Ресей, Түркіменстан, Әзрбайжанға тиесілі. Бұл теңіз үшін шешімді аталған бес ел өздері қабылдайды. Сондықтан Каспий теңізімен байланысты бұл мәселелерді бес ел шешеді.
Каспий теңізінде аймақтан тыс державаларға орын жоқ. Каспий теңізі жағалауындағы елдер олардың бой көрсетуіне рұқсат бермейді. Бес ел осы аймақтың тұрақты қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын және оның экономикалық серпінділігі мен экологиялық мәселелерін шешуге ықпал ететіндей деңгейге ие”, — деді.
Ол сөзінің келесі бір бөлігінде жуырда Бандар Анзали мен Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында өткен бірлескен оқу-жаттығуларға ризалығын білдіріп: «Жақында Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен ынтымақтастықта жаңа бірлескен оқу-жаттығу өткізіледі»,- деді.
Айта кетейік, Каспий теңізі елдерінің әскери-теңіз күштерінің қолбасшылары қауіпсіздік орнатудағы ынтымақтастықты одан әрі жақындастыру және нығайту, экономикалық серпінділікке үлес қосу және осы акваторияға қатысты мәселелерді шешуде ынтымақтасу мақсатында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бас қосты.














