Кнессет сайлауы басталғанда сионист тұтқындардың отбасылары наразылық жиынын өткізді.
Сионист тұтқындар мен 7 қазандағы «Әл-Ақса тасқыны» операциясынан қаза тапқандардың отбасылары бүгін, сейсенбі күні таңертең Кнессет сайлауының басталуымен бір уақытта Тель-Авивте наразылық жиынын өткізді.
Жиналғандар жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:29-да бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алды. Олар сайлаушыларды дауыс беру учаскелеріне барғанда Нетаньяху кабинетінің 7 қазандағы сәтсіздігін ұмытпауға жəне оны өз таңдауларында ескеруге шақырды.
Израиль режимінің 26-шы парламент сайлауы бүгін, сейсенбі, 27 қазанда басталды. Сол үдеріс барысында сионист қоныстанушылар Кнессеттің 120 орнының тағдырын шешу жəне келесі премьер-министрді сайлау үшін дауыс беруге барады.
Сайлаудың осы кезеңінде 6 миллионнан астам дауыс беруге құқылы азамат Кнессеттің 120 депутатын сайлайды.
Сионистік режим сайлауды өткізу үшін басып алынған аумақтардың әртүрлі аймақтарына 20 мыңға жуық полиция жəне қауіпсіздік күштерін орналастырды.
Шетелде тұратын сионистер сайлауға қатысу үшін осы режимнің ішкі дауыс беру учаскелеріне өздері келуі керек, бірақ дипломаттар мен осы режимнің ресми өкілдері бұл ережеден босатылған.
Сионистік режимнің Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарлауынша, дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастайды. Көптеген аймақтарда кешкі сағат 22:00-ге дейін ашық болады. Кешкі сағат 22-де жәшіктер жабылғаннан кейін бірден телеарналардан экзит-поллдың алғашқы нәтижелері жарияланады.
Бүгінгі сайлау 7 қазандағы «Әл-Ақса тасқыны» операциясы оқиғасынан кейінгі алғашқы сайлау болып табылады.
Осы кезеңде ондаған партия тіркелгенімен тек 3.25% дауыс шегінен өткен партиялар ғана парламентке кіре алады.
Сайлаудағы негізгі бәсеке екі негізгі ағым мен лагерь арасында жүріп жатыр:
- Нетаньяхуды қолдаушылар блогы (оңшылдар мен радикалдар):
Ликуд: Қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяху бастаған партия.
Ортодоксалды жəне радикалды партиялар: хареди партиялары («Шас» жəне «Яхадут ха-Тора») мен оңшыл радикалды топтарды («Оцма Йегудит» Бен-Гвирдің басқаруында) қамтиды.
- Нетаньяхуға қарсылар блогы (оппозиция жəне өзгерістер):
«Яшар» партиясы (орталық-оңшыл/орталық): бұрынғы Армия Бас штабының бастығы «Гади Айзенкот» бастаған партия, ол бұл кезеңде Нетаньяхудың ең күшті қарсыласы ретінде пайда болды.
«Бихад» (Бірге) альянсы: «Нафтали Беннет» жəне «Яир Лапид» сияқты тұлғалардың қатысуымен.
Демократтар: Яир Голан бастаған солшыл партиялардың (Лейбористер/Авода жəне Мерец) коалициясы.
«Израиль біздің үйіміз»: Авигдор Либерманның басқаруымен.
Араб партиялары: екі негізгі блоктан тыс деп анықталған «Біріккен тізім» жəне «РААМ» сияқты партиялар. Бірақ олардың дауыстары мен орындары коалиция құруда шешуші мәнге ие болады.














