Ливан Хезболласының Исламдық қарсыласуы ресми мәлімдеме жасап, шейх Наим Қасемнің Ливан Хезболласының жаңа бас хатшысы болып сайланғанын жариялады.
Еуразия Тудейдің Al-Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының Исламдық қарсыласуы ресми мәлімдеме жасап, шейх Наим Қасемнің Ливан Хизболласының жаңа бас хатшысы болып сайланғанын хабарлады.
Ұйымның мәлімдемесінде: «Хезболланың негізгі басқару органы — Жоғарғы Кеңес шейх Наим Қасемді қозғалыстың жаңа бас хатшысы етіп сайлады», — деп жазылған.
Бұдан өзге де бұқаралық ақпарат құралдары шейх Наим Қасемнің Ливан Хезболласының жаңа бас хатшысы болып сайланғанын хабарлауда.
Айта кетейік, Наим Қасем бұл қызметке бұрынғы басшы Хасан Насролла 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Бейруттегі Хезболланың Дахия штаб-пәтеріне израиль әскері әуеден шабуыл жасаған кезде қаза тапқаннан кейін тағайындалып отыр.














