Германия канцлері Фридрих Мерц пен Франция Президенті Эммануэль Макрон Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты әртүрлі көзқарасқа ие.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Фридрих Мерц пен Эммануэль Макронның Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты әртүрлі көзқараста болуы Еуропалық одақтың бұл мәселе бойынша бірыңғай ұстаным қалыптастыруына кедергі келтіруде.
Berliner Zeitung басылымының мәліметінше, Еуропа қазіргі таңда өзінің келіссөз жүргізудегі ықпалын пайдалана алатын сәтте Мерц пен Макрон бір тарапта әрекет етпей отыр.
Фридрих Мерц бастапқыда Израильдің позициясын қолдады, ал Эммануэль Макрон Иран тарапынан болатын қарымта реакциядан қауіптеніп, басқа ұстанымда болды. Германия АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның Ормұз бұғазындағы блокадасын жоюға көмектесу туралы өтінішінен бас тартса, Франция Америка көшбасшысының айтуынша, Вашингтонға көмектесуге дайын екенін білдірген.
28 ақпан күні Иран астанасы Тегеран мен бірқатар қалада жарылыстар болды.
Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац Израиль қорғаныс армиясының Иранға алдын алу шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» атты ауқымды әскери операциясын жариялап, бұл әрекеттер Тегеранның ядролық және зымырандық бағдарламаларына бағытталғанын айтты.
АҚШ пен Израильдің шабуылы салдарынан Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты. Үкімет 40 күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль мен Таяу Шығыстағы Американың әскери базаларына зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасады.














