Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасына ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Мұрат Нұртілеу сапар аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен және Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездеседі.
Тараптар кездесулер барысында саяси диалог, сауда-экономикалық серіктестік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыс пен қатар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.














