Мысыр Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрі және АҚХА Бас директорымен консультация өткізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Әбдел Аты кеше, 6 тамыз күні Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи және Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссимен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті.
Мысыр Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, сұхбат Каирдің аймақтық тұрақтылықты нығайту, шиеленісті азайту және Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді бейбіт және дипломатиялық бағытта қайта бастауға көмектесудегі күш-жігерінің бір бөлігі ретінде жүргізілді.
Иран және Мысыр Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбат барысында Тегеран мен Каир арасындағы екіжақты қарым-қатынасты, Таяу Шығыс пен халықаралық оқиғаларды талқылап, Тегеранның ядролық бағдарламасы мен маусым айындағы Израильдің Иранға қарсы шабуылынан кейін туындаған мәселелер жөнінде пікір алмасты.














