Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Санкт-Петербургке ТМД мемлекеттері көшбасшыларының бейресми кездесуі және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) отырысына қатысу үшін барады.
Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.
Юрий Ушаковтың айтуынша, Мәскеу Пашинянның желтоқсан айының соңында Санкт-Петербургке келетіні туралы Ереваннан хабарлама алған.
Армения Премьер-министрі қазан айында ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті және Еуразиялық үкіметаралық кеңеске барудан бас тартып, оның орнына Грузияға аттанған еді.
Ресей президентінің көмекшісі бұған дейін «Саммитке барлығы шақырылды. Барлығы бұл шешімді құптады. Өкінішке орай, шешім Пашинян қатыспаған кезде қабылданды. Бірақ Армения бәрі шақырылғанын және бұл дәстүрлі формат екенін жақсы біледі. Әрине, біз оны Санкт-Петербургте күтеміз», — деді.
Пашинян қазан айында Бішкекте өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитін өткізіп алды.
Сондай-ақ, ол 23 қарашада Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) отырысына да қатысудан бас тартты.














