Оман Сұлтандығының Бас мүфтиі шейх Ахмад әл-Халили шұғыл хабарлама жариялап, әлемдегі барлық мұсылмандар мен санасы ояу адамдарды Газа тұрғындарын барынша қолдап, көмек көрсетуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ахмад әл-Халили X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған хабарламасында Газа секторындағы дағдарысты апатты деп сипаттады.
Оман Сұлтандығының Бас мүфтиі Газа секторындағы Израиль басқыншылық режимінің қылмыстары салдарынан туындаған адамгершілікке жатпайтын қоршау мен гуманитарлық апатқа назар аударып, дүние жүзіндегі барша мұсылмандар мен бостандық сүйгіш халықты Газа секторының мазлұм тұрғындарына көмек көрсетуге шақырды.
Әл-Халили Палестина халқымен ынтымақтастықтың және оларды қолдаудың маңыздылығын айтып: “Біздің міндетіміз -қиындық кезінде отбасымыз бен достарымызды қолдайтынымыз сияқты6 Газа секторы тұрғындарының қасында болып, оларға көмектесу”, — деді.



















