Пәкістан премьер-министрі Иранның сионистік режимнің алдындағы табандылығын мадақтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф бүгін сөйлеген сөзінде Иранның Израиль шабуылдарына қарсы жасаған батыл әрекеттерін жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
Ол сөзінің жалғасында: «Израильдің Иранға басқыншылық жасағаны күмән тудырмайды. Иран өзінің егемендігі мен елінің аумақтық тұтастығын қорғаудағы өзінің заңды құқығын қолданды», — деді.
Шахбаз Шариф сондай-ақ, Пәкістан армиясының қолбасшысы генерал Сайед Асим Мунирдің Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің Ыстамбұлда жуырда өткен отырысы аясында Иран Сыртқы істер министрі доктор Сейіт Аббас Арақчимен кездескенін айтты.
Пәкістан армиясының қолбасшысы бір жарым сағатқа созылған кездесуде Арақчиды өз елінің Иранды қолдау және соғысты тоқтатуға көмектесу жолындағы дипломатиялық талпыныстары туралы хабардар етті.














