Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков егемен ел Иранға қысым көрсетуге ешбір себеп жоқ екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Дмитрий Песков еуропалық елдердің Тегеранға қарсы санкцияларды қалпына келтіруді қалайтыны туралы сұрағына осылай деп жауап берді.
«Ресей, әрине, Иранмен барлық салада ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Иран біздің серіктесіміз. Біздің қарым-қатынасымыз өте қарқынды дамып келеді. Біз мұны жалғастырамыз.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты жағдай өте күрделі. Еуропалықтардың сындарсыз ұстанымы, әрине, оны күннен-күнге қиындатып отыр. Біз әркімге келіссөз жүргізу керек деп есептейміз. Егемен ел Иранға қысым көрсетуге ешбір себеп жоқ», — деді Песков.














