Қараша айының соңында Петропавловскте жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі.
Еуразия Тудейдің ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша «Масло-Дел Петропавлоск» ЖШС жобаның құны 34 млрд теңгені құраған жаңа май экстракциялық зауытының құрылысын аяқтады.
Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ, күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылатын болады.
Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған.
Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды.
Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр.
Жобаның .














